Accessibility links

АҚШ ұшақтары Балтық елдері әуе кеңістігін күзетеді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ әскери әуе күштері Балтық елдерінің әуе кеңістігін күзетуге кірісті.

Литва қорғаныс министрі Юозас Олекас 3 қаңтар күні "АҚШ пилоттарының Литваға келгенін" мәлімдеді. Бұған дейін бұл міндетті Бельгия ұшақтары атқарып келген еді.

АҚШ ұшқыштары НАТО бағдарламасы аясында F-15 әскери ұшақтарымен кезекшілік атқаратын болады. Балтық елдері әуе кеңістігін өз күштерімен күзете алмайды, өйткені қажетті құрал-жабдығы жоқ.

Олекас "АҚШ ұшқыштарына Италия мен Венгрия пилоттары да көмектесетінін" айтты.

АҚШ ұшқыштары Литвада төрт ай болады. НАТО елдері Балтық елдері әуе кеңістігін 2004 жылдан бері күзетіп келеді. Балтық елдері НАТО-ға осы жылы қосылған еді.

Бұған дейін АҚШ ұшқыштары Балтық елдерінде үш рет болған еді.
XS
SM
MD
LG