Accessibility links

Тимошенконың қызы: Анамның халі нашар


Украинаның экс-премьері Юлия Тимошенконың қызы Евгения.

Украинаның экс-премьері Юлия Тимошенконың қызы Евгения.

Украинаның экс-премьері Юлия Тимошенконың қызы Евгения "анасының денсаулығы нашарлағанын" мәлімдеді.

Бұл туралы "Интерфакс-Украина" агенттігі сенбі күні хабарлады.

Евгенияның сөзіне қарағанда, анасы "екі жылдан бері таза ауаға шықпаған".

Киевте брифинг өткізген Тимошенконың қызы "Германиядағы Шарите клиникасының профессоры операция қажет екенін айтқан, бірақ оны жасауға мүмкіндік жоқ. Анамның халі жарты жыл бұрын нашарлады. Ол жүре алмайды, аштық жариялағаннан кейін мүлде әлсіреп қалды" дейді.
XS
SM
MD
LG