Accessibility links

Бангладеште оппозиция сайлауға бойкот жариялады


Бангладештегі шеру. 15 желтоқсан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Бангладештегі шеру. 15 желтоқсан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Бангладеште бүгін парламент сайлауы өтіп жатыр. Оппозиция сайлауға бойкот жариялады.

Бангладештегі негізгі оппозициялық ұйым - Ұлттық партия екікүндік жалпыұлттық ереуіл бастады. Партия басшылығы сайлауды "алаяқтық" деп атап, премьер-министр Шейх Хасин Вазедтің отставкаға кетуін, елді сайлау уақытында уақытша үкімет басқаруын талап етпек.

Қазіргі премьер басқаратын «Авами лигасы» партиясы сайлаудан жеңіп шығарына сеніп отыр.

Сайлау қарсаңында Бангладеште үкіметке қарсы шерулер мен тәртіпсіздіктер болды. Қақтығыстар кесірінен ондаған адам қаза тапты.

Сайлау күні қарсаңында елдегі 20 округтегі жүздеген сайлау учаскелері өртелді. Наразылар ел астанасы Дакка қаласында да сайлау өтетін орындарға от қойған. Елде қазір қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Сайлау кезіндегі тәртіпті 50 мыңға жуық әскери қызметкер бақылап тұр.
XS
SM
MD
LG