Accessibility links

Бейруттегі терактіні "Әл-Қаида" жақтастары жасаған


Бейрутта жарылған көліктің қаңқасы. 3 қаңтар 2014 жыл.

Бейрутта жарылған көліктің қаңқасы. 3 қаңтар 2014 жыл.

Ливан астанасында осы апта болған жарылысты "Әл-Қаидамен" байланысы бар топ мойнына алды. Бейсенбі күні Ливанда жарылғыш зат толтырылған көлікті жанкешті жарып жіберген еді.

«Ирак пен Левант ислам мемлекеті» ұйымы сенбі күні сүннит экстремистерінің интернет-сайттарының бірі арқылы жарылысты өздері жасағандарын мәлімдеді.

Бейрут қаласының оңтүстік бөлігінде болған жарылыстан бес адам қаза тапқан. Теракт болған аудан - шииттердің "Хезболлах" тобы шоғырланған жер.

Ішкі қақтығыстар ушығып тұрған көршілес Сирияда "Хезболлах" жауынгерлері үкімет жағында соғысып жүр. Оларға қарсы көпшілігі сүнниттерден құрылған топтар күресіп жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG