Accessibility links

Волгоград облысы: төтенше жағдай режимі бітті


Жарылыс құрбанын жерлеу. Волгоград, 3 қаңтар 2014 жыл.

Жарылыс құрбанын жерлеу. Волгоград, 3 қаңтар 2014 жыл.

Волгоград облысында төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Режим 29 желтоқсан күні, теміржол вокзалындағы жарылыстан кейін енгізілген еді.

Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі хабарлады. Ресей төтенше жағдай министрлігінің аймақтық басқармасы өкілі Дмитрий Улановтың агенттікке айтуынша, "облыста террор қаупі әлі бар".

Волгоград вокзалындағы терактінің ертеңінде троллейбус жарылды. Екі шабуылдан 34 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.
XS
SM
MD
LG