Accessibility links

Йемендегі қақтығыстан ондаған адам өлді


Йемендегі жарылыс болған жер. (Көрнекі сурет)
Йемендегі жарылыс болған жер. (Көрнекі сурет)
Йеменнің солтүстігінде шииттер мен сүннит салафиттер қауымы арасында қарулы қақтығыс болып, кем дегенде 23 адам қаза тапты. Бұл туралы France-Presse басылымы хабарлады.

Қақтығыстар Амран, әл-Жауф және Саада провинцияларында болған. Сүннит тайпалары аймақтағы Ираннан көмек алатын хутхи шииттердің ықпалы артып кетеді деп қауіптенеді.

Мәліметтерге қарағанда, хутхилер Саада провинциясындағы Китаф қаласының бірнеше ауданын басып алған. Куәлердің айтуынша, шииттер аймақтағы салафиттік діни медресе мен 20-ға жуық үйді өртеп жіберген.

Ондаған жылдар бойы хутхи шиттері Саада провинциясын бөліп әкету үшін орталық үкіметпен күресіп келеді. Кейінгі уақытта бұл қақтығыстың діни сипаты күшейіп кеткен.

Сенбі күні Йемен президенті Абд Раббу Мансур Хади қақтығысты реттеу үшін аймаққа бірнеше өкілін жіберді.
XS
SM
MD
LG