Accessibility links

Иракта бірнеше жарылыстан 19 адам мерт болды


Ирак арнайы қызметі сарбаздарымен соғысып жүрген "Әл-Қаидамен" байланысы бар топ мүшелері. Фаллуджа қаласы, 3 қаңтар 2014 жыл.

Ирак арнайы қызметі сарбаздарымен соғысып жүрген "Әл-Қаидамен" байланысы бар топ мүшелері. Фаллуджа қаласы, 3 қаңтар 2014 жыл.

Бағдадта 5 қаңтарда болған бірнеше жарылыстан 19 адам мерт болып, ондаған адам жарақаттанды. Ең күшті жарылыс қаланың Шааб ауданында болды. Мұнда бір мезетте бомба қойылған екі бірдей көлік жарылып, одан 10 адам қаза тауып, 26 адам жараланды. Қаланың Садр және Баб әл-Муадхам аудандарында да бомба жарылып, 9 адамды мерт етті. Терактілерді әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Жаңа терактілер елдің батысындағы Анбар провинциясында Ирак арнайы қызметі мен сүнниттік топтар коалициясы "әл-Қаида" ұйымымен байланысы бар топтармен қақтығысып жатқан тұста болып отыр. "Әл-Қаидамен" байланысы бар топтар Бағдадтан 50 километр қашықтықта орналасқан Фаллуджа қаласы мен провинция орталығы Рамади қаласын басып алған еді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің айтуынша, Вашингтон Ирак билігінің "әл-Қаидамен" күресін қолдайды, бірақ бұл елге көмекке Америка әскерін жібермейді.
XS
SM
MD
LG