Accessibility links

Ходорковский Швейцарияға барды


Михаил Ходорковский баспасөз жиыны кезінде. Берлин, 22 желтоқсан 2013 жыл.
Михаил Ходорковский баспасөз жиыны кезінде. Берлин, 22 желтоқсан 2013 жыл.
Ресейдің бұрынғы олигархы Михаил Ходорковский Берлиннен Швейцарияға барды. Ходорковскийдің өкілі Кристиан Ханненің хабарлауынша, бұрынғы олигарх Швейцарияға әйелі және екі баласымен бірге пойызбен барған. Ходорковскийдің балалары Швейцариядағы мектептердің бірінде оқиды.

Осыдан бір апта бұрын Швейцария билігі Ходорковскийге үш айға виза берген еді.

ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы Ходорковский "алаяқтық" және "салықтан жалтару" айыптары бойынша 10 жылдан астам уақыт түрмеде отырды. Ол өткен жылы 20 желтоқсанда рақымшылықпен босатылған еді. Ходорковский өзіне тағылған айыптардың саяси астары бар деп мойындамаған.

Батыс елдері Кремль Ходорковскийді ол оппозицияға қолдау көрсеткені үшін қуғындады деп біледі.

Ходорковский түрмеден шығысымен Берлинге кеткен.
XS
SM
MD
LG