Accessibility links

Бангладеш сайлауында басқарушы партия жеңіске жетті


Бангладештегі наразылық кезіндегі өрт. 2013 жылдың желтоқсаны.

Бангладештегі наразылық кезіндегі өрт. 2013 жылдың желтоқсаны.

Бангладеште 5 қаңтарда өткен сайлаудың алдын-ала нәтижелері бойынша, басқарушы Халықтық лига партиясы парламенттегі көпшілік орынға ие болып, жеңіске жетті. Сайлау комиссиясының хабарлауынша, премьер-министр Шейх Хасинның Халықтық лига партиясы парламенттегі 232 орынға ие болған.

Бангладеште 300 сайлау округінің 153-інде бәсекелес кандидат болмағандықтан, Халықтық лига партиясының жеңіске жететініне ешкім күмән келтірмеген.

Оппозиция бұған дейін сайлауға бойкот жариялап, оны "алаяқтық" деп атаған. Сайлау күні оппозиция жақтастары сайлау учаскелеріне шабуылдап, полициямен қақтығысқан. Наразылар сайлау учаскелеріне жанғыш заттар лақтырып, өрт қойған. Қақтығыстардан 18 адам қаза тапты.

Премьер-министр Шейх Хасин оппозицияның "сайлауды партиялардан тыс құрылған уақытша үкімет бақыласын" деген талабын орындамай тастады. Мұның алдындағы сайлауды уақытша үкімет қадағалаған еді.

Сайлау алдында Бангладеште үкіметке қарсы акциялар басталды. Қақтығыстардан 150-ге жуық адам опат болған.

1991 жылдан бастап Бангладештегі барлық сайлауды уақытша үкімет қадағалап келеді. Ондағы мақсат - сайлау нәтижесін бұрмалатпау. Алайда биліктегі партия бұл жүйені 2010 жылы жойды.
XS
SM
MD
LG