Accessibility links

Синоптиктер: АҚШ-та -51 градус аяз болады


Нью-Йорк көшелерінің бірі. АҚШ, 3 қаңтар 2014 жыл.
Нью-Йорк көшелерінің бірі. АҚШ, 3 қаңтар 2014 жыл.
АҚШ-тың солтүстік және орталық штаттары арктикалық суық ауа ағыны тудыратын, соңғы жиырма жылда болмаған қатты аязға дайындалып жатыр. Синоптиктер сирек тұратын "поляр құйыны" деп аталатын суық ауа ағынынан температура Цельсий бағаны бойынша минус 51 градусқа дейін төмендейді деп болжайды.

АҚШ-тың бірнеше қаласының басшылары тұрғындарды үйлерінен ешқайда шықпауға және азық-түліктерін қамдап алуға шақырып отыр. Ал елдің Ұлттық метеорологиялық қызметі "поляр құйынын" адам өміріне қауіпті деп бағалайды.

Бұған дейін елдің бірнеше штатында қалыңдығы 30 сантиметрден асатын қар түскен. Чикаго, Сент-Луис және Нью-Йорк қалаларында 5 қаңтарда ауа-райының қолайсыздығынан ұшақ рейстері бөгелді. Көптеген мектептерде сабақ тоқтатылды.
XS
SM
MD
LG