Accessibility links

АҚШ-та ауа температурасы -50 градусқа дейін төмендеді


Қатты аяздан әуежайда рейске шықпай қалған ұшақтар. Чикаго, 6 қаңтар 2014 жыл.

Қатты аяздан әуежайда рейске шықпай қалған ұшақтар. Чикаго, 6 қаңтар 2014 жыл.

АҚШ-та "поляр құйыны" деп аталатын бораннан соңғы жиырма жылда болмаған аяз қысты. Елдің орталық батысындағы Миннесота штатының бірнеше қаласында ұйтқи соққан бораннан ауа температурасы Цельсий бағаны бойынша минус 50 градусқа дейін төмендеді.

Қатты аяздан кейбір штаттарда мектептер басқа да мекемелер жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Синоптиктердің хабарлауынша, "поляр құйыны" елдің шығысына қарай ауып барады және ол жақын таяу күндері Огайо, Пенсильвания, Нью-Джерси, Джорджио және Алабама штаттары мен Нью-Йорк қаласына соқпақ.

АҚШ-тағы ең ірі транспорт орталықтарының бірі Чикагода ауа температурасы минус 27 градусқа дейін төмендеп, екі мыңға тарта ұшақ рейсі кейінге шегерілген. Аяздың қатты болғанынан жергілікті зоопарк қызметкерлері ақ аюларды жылы жерде ұстауға мәжбүр болған.

Кентукки штатында түрмеден қашқан тұтқын далада бір күн жүріп, жылы камераға қайта оралу үшін полицияға өзі берілген.

"Поляр құйыны" қаңтардың басында АҚШ-тың солтүстік штаттарынан басталған еді.
XS
SM
MD
LG