Accessibility links

Сириядан химиялық қарудың алғашқы легі шығарылды


Сирияның химиялық қаруы тиелген даниялық кеме құрамындағы норвегиялық Helge Ingstad фрегаты. Лимасол, Кипр, 3 қаңтар 2014 жыл.

Сирияның химиялық қаруы тиелген даниялық кеме құрамындағы норвегиялық Helge Ingstad фрегаты. Лимасол, Кипр, 3 қаңтар 2014 жыл.

Халықаралық химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның мәлімдеуінше, Сирия химиялық қаруларының алғашқы легі 7 қаңтарда елден шығарылды. Химиялық қару Сирияның екі қаласынан Латакия портына жеткізіліп, даниялық кемеге тиелген. Бұдан соң Дания, Норвегия және Сирия кемелерінің қорғауымен халықаралық теңіз суларына жөнелтілген.

Химиялық қарудың алғашқы бөлігін Сириядан шығару 31 желтоқсанға белгіленген еді. Бірақ логистикалық мәселелер мен ауа-райының қолайсыздығы және Сириядағы қақтығыстан біраз күнге кешеуілдеді.

Ресей мен АҚШ бірлесе жасап, БҰҰ мақұлдаған келісім бойынша биылғы жылдың ортасына дейін Сирияның химиялық қаруы түгелдей әкетілуі тиіс. Улы заттарды теңізде Америка кемелерінде жою жоспарланған.
XS
SM
MD
LG