Accessibility links

Оңтүстік Суданда гуманитарлық ахуал нашарлады


Оңтүстік Судандағы қақтығыстардан босқан азаматтар. 30 желтоқсан 2013 жыл.

Оңтүстік Судандағы қақтығыстардан босқан азаматтар. 30 желтоқсан 2013 жыл.

"Шекарасыз дәрігерлер" халықаралық ұйымы қақтығыстар жүріп жатқан Оңтүстік Суданда гуманитарлық ахуал күрт нашарлап бара жатқанын хабарлады.

7 қаңтарда елдегі жауласушы екі жақ - президент Салва Киир мен бұрынғы вице-президентті жақтайтын көтерілісшілердің өкілдері Эфиопияда кездескен. Бірақ кездесуде тараптар қандайда бір мәмілеге келе алмады.

Екі жақ арасындағы қақтығыс өткен жылғы желтоқсанның ортасында басталған еді. Қақтығыстардан кемінде екі мыңға тарта адам мерт болған. Кейбір деректерге қарағанда, 200 мыңға жуық адам босып кеткен.

"Шекарасыз дәрігерлер" ұйымының мәлімдемесіне қарағанда, Оңтүстік Суданда эпидемия тарау қаупі төніп тұр және оның зардабы әсіресе балалар мен аяғы ауыр әйелдерге қиын тимек.
XS
SM
MD
LG