Accessibility links

"Каспий банкіне" қарсы шағым бойынша сот басталды


"Каспий банк" ғимараты алдындағы наразылық шарасы. Алматы, 7 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

"Каспий банк" ғимараты алдындағы наразылық шарасы. Алматы, 7 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін Алматының Бостандық аудандық сотында "Каспий банк" тұтынушыларының банкке қарсы шағымына байланысты алғашқы сот отырысы өтті. Сотқа шағымданушы бірнеше адам, олардың ақылы консультанты ретінде Ермек Нарымбаев және банктің екі өкілі қатысқан.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, банктен несие алдық деген 39 адам "несиені тым көп пайыздық үстемемен төлеп жатырмыз" деп, несие шартының күшін жоюды соттан сұрап отыр. Нарымбаевтың сөзінше, тұтынушылар несие алатын кезде банк оларға несие шартын толық көрсетпей, артық пайыздық үстеме алып отырған.

Судья Ералы Бетбаев бүгінгі сот отырысында банк өкілдерінен тұтынушыларға несие шартының түпнұсқасын беруді көрсетуді сұраған.

Келесі сот отырысы 21 қаңтарға белгіленді.
XS
SM
MD
LG