Accessibility links

Түркияда бірнеше полиция басшысы қызметтен босады


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған.
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған.
Түркия ішкі істер министрлігі 16 провинцияның полициясы басшыларын коррупциялық жанжалға қатысты қызметтен босатты. Олардың арасында Анкара, Измир, Анталия және Диярбакыр провинцияларының полиция басшылары бар. Бұл төрт провинция да - Түркияның ең танымал және экономикалық маңызы зор аймақтары.

Полиция басшыларына қоса ұлттық қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары да қызметтен алынған.

7 қаңтарда үкімет Анкарадағы 350 полиция офицерін қызметтен босатқан еді.

2013 жылы желтоқсанның 17-сі күні полиция мемлекеттік Halkbank банкіне қатысты коррупциялық іске байланысты айыппен 24 адамды тұтқындаған. Тұтқындалғандар арасында премьер-министр Режеп Тайып Ердоған үкіметіндегі үш министрдің ұлдары да болған. Кейін ұлдары қамалған үш министр де отставкаға кетті.

Премьер-министр Ердоған коррупциялық іске қатысты тергеулерге жауап ретінде құқық қорғау органдарында кадрлық өзгерістер жасады. Ол коррупциялық тергеулерді "Түркияда тұрақсыздық орнату мақсатында шетелден ұйымдастырылған астыртын әрекет" деп атады.
XS
SM
MD
LG