Accessibility links

Ғарыш станциясының жұмыс мерзімі ұзарды


Халықаралық ғарыш станциясы.

Халықаралық ғарыш станциясы.

Халықаралық ғарыш станциясының жұмыс істеу мерзімі тағы төрт жылға ұзарды. Енді станция 2024 жылға дейін жұмыс істейді. Бұл туралы америкалық НАСА аэроғарыш агенттігі хабарлады.

Жер орбитасында жұмыс істейтін, құны 100 миллиард АҚШ долларын құрайтын станцияның жұмыс істеп келе жатқанына 15 жыл болды. Әуелде станция 2020 жылға дейін қызмет етеді деп жоспарланған. Ұзындығы 100 метрден асатын ғарыш станциясының жұмысына оннан астам мемлекет қатысады.

Ғарыш станциясында алты адамнан - АҚШ, Ресей, Еуропа, Канада және Жапонияның ғарышкерлері мен астронавтарынан құралған экипаж ауысып қызмет етеді. Оларды орбитаға "Союз" ғарыш кемесі жеткізеді. Америкалық SpaceX Orbital Sciences компаниялары станцияға пилотты ғарыш кемелері арқылы жүк тасымалдайды.
XS
SM
MD
LG