Accessibility links

Украин азаматы балалар порнографиясын таратқанын мойындады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ-та балалар порнографиясын таратумен айналысты деп айыпталған Украина азаматы Максим Шинкаренко айыбын мойындап, 30 жыл түрме жазасына келісті. Бұл туралы Нью-Джерси штатының федералдық прокуратурасы хабарлады. Үкім осы штатта 15 сәуірде оқылмақ.

35 жастағы Максим Шинкаренко 2009 жылы Таиландта ұсталып, кейін АҚШ-қа экстрадицияланған еді. Ал былтыр маусымда оған балалар порнографиясына қатысты 32 бап бойынша айыптар тағылған. Тергеу деректеріне қарағанда, Шинкаренко 2005-2008 жылдары балалар порнографиясын тарататын сайтты басқарған.

Бұл іс бойынша тергеу әлі жалғасып жатыр. Айыптау тарабының айтуынша, қылмыстық іске қатысты елдегі 47 штатта алпыстан астам адам тұтқындалып, оларға айыптар тағылған.

Прокурорлар Шинкаренконы АҚШ-та айып тағылған балалар порнографиясын тарататын ең ірі адамдардың бірі деп атады.
XS
SM
MD
LG