Accessibility links

Ресейде мәйіттер жасырылған көліктер табылды


Солтүстік Кавказдың картасы. (Көрнекі сурет)
Солтүстік Кавказдың картасы. (Көрнекі сурет)
Ресейдің Ставрополь өлкесінде бір тәулік ішінде бес адамның мәйіті жасырылған төрт көлік табылды. Азаттықтың Орыс қызметінің хабарлауынша, қаза тапқан бес адамның бәріне оқ тиген. Екі көліктің жанынан жарылғыш құрылғы табылған. Аймақта терроризмге қарсы операция режимі енгізілді.

8 қаңтарда Киров ауданында мәйіттері бар екі автомобиль табылған еді. Предгорный ауданында да мәйіті бар бір көлік табылған. Жедел-тергеу тобы қызметкерлері оқиға орнына барған мезетте көлікке жақын жерде жарылыс болған. Бірақ жарылыстан ешкім зардап шекпеген.

Осы оқиғаларға қатысты "құқық қорғау орындары қызметкерлерінің өміріне қол сұғушылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ресей ішкі істер министрлігі мен Федералдық тергеу бюросының өлкедегі басқармалары оқиғаға қатысты түсінік бермей отыр.

Ставрополь өлкесі - Солтүстік Кавказ афедералдық округінің ең ірі өлкелері қатарына жатады.
XS
SM
MD
LG