Accessibility links

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің жаңа мөлшері белгіленді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова шығарған бұйрық бойынша, 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс мөлшері 19966 теңге мөлшерінде белгіленді. Бұл 2014 жылдың алғашқы тоқсанына арналған көрсеткіш болмақ.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі - бір адамның айына өмір сүруіне қажетті ең аз тұтыну себетіне тең табыс көзі.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі әр тоқсан сайын республика және облыстар бойынша тұрғындардың жасы, жыныстық ерекшелігі негізінде жан басына шағып есептеліп отырады.

2013 жылдың соңғы тоқсанында ең төменгі күнкөріс деңгейі 18797 теңге болған еді.
XS
SM
MD
LG