Accessibility links

Футболдан ұлттық құрама бапкері қызметінен кетті


Қазақстан құрамасын жаттықтырған чехиялық маман Мирослав Беранек. Сурет Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтынан алынды.
Қазақстан құрамасын жаттықтырған чехиялық маман Мирослав Беранек. Сурет Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтынан алынды.
Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері, чехиялық маман Мирослав Беранек қызметінен кетті. Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) хабарлауынша, Беранекпен жасалған келісім-шарттың мерзімі 2013 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған.

«Мені құрамамен жұмыс жасауға шақырғанда оны жаңа бір белес ретінде ерекше құлшыныспен қабыл алдым және сол шешімім үшін еш уақытта да өкінген емеспін. Осы жылдар ішінде менің тәлімгерлерім одан да мықты бола түсті деп сенемін" деген Беранек.

"Біз Беранектің ұлттық құрамамен үш жылда істескен жұмысына ризамыз. Ол алға қойылған міндетті орындап, Қазақстан құрамасы 2014 жылғы футболдан әлем чемпионатына топтық іріктеу ойындарында бесінші орын алды" дейді ҚФФ бірінші вице-президенті Саян Хамитжанов.

Қазақстан футбол құрамасын 2002 жылдан бері шетелден шақырылған бес бапкер жаттықтырды.
XS
SM
MD
LG