Accessibility links

Жапонияда химиялық зауытта жарылыс болды


Жапон зауытындағы жарылыс
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:59 0:00

ВИДЕО: Жарылыс Хонсю аралындағы Йоккаити қаласында орналасқан Mitsubishi Materials компаниясының химиялық зауытында болған. 9 қаңтар 2014 жыл.

Жапонияның Хонсю аралындағы Миэ префектурасына қарасты Йоккаити қаласында Mitsubishi Materials компаниясының химиялық зауытында бүгін күшті жарылыс болып, 5 адам қаза тапты. Он екі адам зардап шеккен.

Алдын-ала болжамдарға қарағанда, жарылыс зауыт жұмысшылары техникалық қызмет көрсету кезінде жылу алмастырғыш құрылғыны жуып жатқанда болған. Тергеушілер жарылысқа сутек араласқан химиялық реакция себеп болуы мүмкін дейді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің барлығы зауыт жұмысшылары.

Қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
XS
SM
MD
LG