Accessibility links

Қазақстандықтар Сирия соғысына байланысты күдікке ілікті


"Сирияға аттанған Қазақстандық жиһадшылармыз" деушілер. (Көрнекі сурет)

"Сирияға аттанған Қазақстандық жиһадшылармыз" деушілер. (Көрнекі сурет)

"Сириядағы соғысқа жалдамалы болып баруға үгіттеді" деген айыппен Қырғызстан астанасы Бішкекте ұсталған екі адам Қазақстан азаматтары болып шықты.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҚҰҚК) "ұсталған адамдар жалған құжат пайдаланып, Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өткен" деп мәлімдеді. ҚҰҚК мәліметінше, Сирияға соғысуға баратын адам жинауды жоспарлаған күдіктілерден қару-жарақ (автомат, тапанша) тәркіленген.

ҚҰҚК бұдан бір күн бұрын осындай іспен айналысқан Қырғызстан азаматы ұсталғанын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG