Accessibility links

Фидель Кастро көпшілік алдына шықты


Кубаның бұрынғы басшысы Фидель Кастро. Гавана, ақпан 2013 жыл.

Кубаның бұрынғы басшысы Фидель Кастро. Гавана, ақпан 2013 жыл.

Кубаның бұрынғы басшысы Фидель Кастро Гаванада өнер студиясының ашылу салтанатына қатысып, соңғы тоғыз айда бірінші рет ел алдына шықты.

Кубалық басылымдар сайттарында өнер туындыларын қарап тұрған 87 жастағы Кастроның суреттерін жарияланды.

Фидель Кастро соңғы рет 2013 жылы сәуірде Гаванада жаңа мектептің ашылуына қатысқан кезінде көпшілік алдына шыққан еді. Ол былтыр желтоқсан айында Венесуэла президенті Николас Мадуромен оңаша кездескен.

Фидкель Кастро Кубаны 1959 жылдан 2008 жылға дейін басқарды. Ауыр науқастан кейін ол билікті інісі Рауль Кастроға берген.
XS
SM
MD
LG