Accessibility links

Тунис премьері отставкаға кетті


Тунис премьер-министрі Әли Лараед.
Тунис премьер-министрі Әли Лараед.
Тунис премьер-министрі Әли Лараед елдегі халық толқуларын тоқтату және саяси дағдарыстан шығу мақсатында отставкаға кетті. Премьердің отставкасына оппозиция келісім білдірген. Ол отставкаға кеткен соң Тунисті елде жаңа конституция бойынша сайлаулар өткенге дейін уақытша үкімет басқармақ.

Исламшыл Қайта өрлеу партиясы басқарған Лараедтің үкіметі үш жыл бұрын Зин әл-Әбидин Бен Әли биліктен кетірілгеннен кейін елде алғаш рет демократиялық жолмен сайланған үкімет атанған. Тунисте Бен Әлидің биліктен тайдырылуы Ливия, Египет, Иемен және Сирияда халықтық толқулар тудырған.

Лараедтің отставкаға кетуі - Тунистегі саяси күштердің өткен жылы шілдеде оппозициялық депутаттың қазасынан кейін туындаған саяси дағдарыстың алдын алуға бақытталған жоспарының бір бөлігі саналады. Үкімет халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарта алмаған соң елде халық толқулары да күшейген еді.
XS
SM
MD
LG