Accessibility links

Қытайлық режиссер үш балаға бола айыпталды


Қытайдың Хефэй қаласындағы перзентханада жатқан бөбектер. (Көрнекі сурет)

Қытайдың Хефэй қаласындағы перзентханада жатқан бөбектер. (Көрнекі сурет)

Қытайда танымал кинорежиссер Чжан Имоуға мемлекеттің демографиялық саясатын бұзғаны үшін 1,2 милилон АҚШ долларынан (7,5 милилон юань) асатын айыппұл салынды. Қытайдың Цзянсу провинциясындағы Уси қаласының отбасын жоспарлау мекемесі Чжан Имоудың отбасын ресми рұқсатсыз үш бала туып, заң бұзды деп айыптады.

Имоудың отбасына айыппұлды төлеуге 30 күн мұрсат берілді. Билік орындары айыппұл көлемі балалар туылған кездегі отбасының кірісі бойынша есептелгенін айтады.

Чжан Имоу бірқатар киноларымен аты шыққан режиссер. Ол бұған қоса 2008 жылғы Пекин олимпиадасының ашылу және жабылу салтанатының қойылымдарына жетекшілік еткен.

Қытай 1980 жылдары халық санының өсуін бақылау мақсатында бір отбасында бала саны біреуден артық болуына тыйым салатын заң қабылдаған еді.

1 миллиард 350 миллионға жуық тұрғыны бар Қытай - әлемдегі халық саны ең көп мемлекет.
XS
SM
MD
LG