Accessibility links

АҚШ жекеменшік ғарыш кемесін ұшырды


Cygnus жүк тасымалдайтын ғарыш кемесінің ұшырылу сәті. Виргиния штаты, қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Cygnus жүк тасымалдайтын ғарыш кемесінің ұшырылу сәті. Виргиния штаты, қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ-та 9 қаңтарда Халықаралық ғарыш станциясына жүк жеткізетін жекеменшік Cygnus ғарыш кемесі ұшырылды.

Antares зымыран тасығышына тиелген Cygnus ғарыш кемесі АҚШ-тың шығыс жағалауындағы Виргиния штатында орналасқан Уоллопс ғарыш айлағынан ұшырылды. Orbital Sciences жекеменшік компаниясы жасап шығарған Cygnus кемесі халықаралық ғарыш станциясына осымен екінші рет ұшырылып отыр.

Жоспар бойынша, Сygnus ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясымен 12 қаңтарда түйіспек. Кеме ғарыш станциясына ғылыми құрал-жабдықтар және станция экипажына азық-түлік пен киім жеткізеді.

Cygnus кемесін ұшыру әуелде 19 желтоқсанға белгіленген еді. Бірақ техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылған.
XS
SM
MD
LG