Accessibility links

Каспий теңізінде бүгін магнитудасы 4,5 баллды құрайтын жер сілкінісі болды деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық мәліметтер орталығы мекемесі.

Жер сілкінісі Астана уақыты бойынша таңғы 6 сағат 45 минутта болған.

Ұлттық мәліметтер орталығы жер сілкінісінің теңіздің қай мемлекетке қарасты бөлігінде болғаны жөнінде айтпайды.

Бұған дейін Каспий теңізінде 2 қаңтарда магнитудасы 4,1 баллға жететін жер сілкінісі болғаны туралы хабарланған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG