Accessibility links

АҚШ-тың бір штатында төтенше жағдай жарияланды


АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама жұма күні Батыс Виргиния штатында төтенше жағдай жариялады. Содан бір күн бұрын штат орталығы Чарльстон қаласында орналасқан зауыттардың бірінен өзенге химиялық улы зат – метанол метилциклогексаны төгіліп, соның салдарынан 300 мың адам ауыз сусыз қалған еді.

Көмір өнеркәсібінде қолданылатын бұл химиялық зат адам ағзасына түссе денсаулыққа зиян келтіреді деп ескертеді дәрігерлер. Билік орындары тұрғындарға әзірге су құбырындағы суды ішуге және ас дайындауға болмайтынын хабарлады.

Жұма күні зауытқа жақын орналасқан кейбір мектептер мен қоғамдық тамақтандыру орындары уақытша жұмысын тоқтатты.

Төтенше жағдай жариялануына байланысты Батыс Виргиния штатына апат салдарын жою үшін федералдық бюджеттен көмек беріледі.
XS
SM
MD
LG