Accessibility links

Қытайда тибеттік көне қала өртенді


Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясы. (Көрнекі сурет)

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясы. (Көрнекі сурет)

Бүгін Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында көне Дукэцзун қаласы өрттен қатты зардап шекті деп хабарлады ақпарат құралдары.

Жергілікті билік орындарының хабарлауынша, өрт сенбіге қараған түні басталған. Көне қалада негізінен ағаштан салынған үйлер болғандықтан, жалын лезде тарап, жүзден астам ғимарат өртке оранған. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Зардап шеккен адамдар туралы ақпарат түскен жоқ.

Бір мың жылдан асатын тарихы бар ежелгі Дукэцзун қаласы («Ай сәулелі қала» деген ұғымды білдіреді) туристер көп келетін көне заманғы мәдениет ескерткіштерінің бірі еді.
XS
SM
MD
LG