Accessibility links

Ұлыбританияда мұсылман балалар көбейіп келеді


Лондонның шығыс бөлігінде орналасқан мешіт мұнарасы. (Көрнекі сурет)
Лондонның шығыс бөлігінде орналасқан мешіт мұнарасы. (Көрнекі сурет)
Англия мен Уэльсте бір жасқа дейінгі балалардың 10 пайызға жуығы мұсылман отбасында дүниеге келген. Жұма күні жарияланған 2011 жылғы халық санағының қортындысында осындай дерек бар.

Ұлттық статистика басқармасы бес жасқа дейінгі бүлдіршіндердің 9,1 пайызы – мұсылман балалар деген мәлімет келтірген, бұл барлық жас санаттары бойынша орташа статистикалық көрсеткіштен екі есе көп болып отыр.

Англия мен Уэльсте тұратын 85 жастан асқан қарттар арасында мұсылмандар әр 200 адамға шаққанда 1 адамнан да аз.

Оксфорд университетінің профессоры Дэвид Колмэн қазіргі демографиялық жағдайға Пәкістан, Бангладеш пен Үндістаннан келіп жатқан мигранттармен бірге Африка мен Таяу Шығыс елдерінен қоныс аударғандардың үлес салмағы да әсер етіп отырғанын айтады деп жазады The Times басылымы.
XS
SM
MD
LG