Accessibility links

Таиландта біреулер оппозицияға оқ атты


Үкіметке наразылық шеруіне қатысушылар. Бангкок, Таиланд, 9 желтоқсан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Үкіметке наразылық шеруіне қатысушылар. Бангкок, Таиланд, 9 желтоқсан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Таиланд астанасы Бангкок қаласында үкіметке қарсы шеруге қатысушыларға белгісіз біреулер оқ атып, жеті адам жараланған. Полицияның хабарлауынша, өткен түні қала орталығындағы оппозиция лагеріне екі рет шабуыл жасалған.

Осыдан бір күн бұрын үкіметке наразылық танытушылар мен билікті қолдайтындар арасыннда болған қақтығыс салдарынан алты адам зардап шеккен.

Оппозиция алдағы аптада Бангкокте жаппай наразылық шеруін өткізуді жоспарлап отыр.

Таиландта премьер-министр Йинглак Чинават үкіметін отставкаға кетуін талап еткен наразылық акциялары былтырғы қараша айынан бері жалғасып жатыр. Чинават ақпанның 2-сіне кезектен тыс жалпыұлттық сайлау өткізуді тағайындағанымен, оппозиция ол сайалуға бойкот жариялаған.
XS
SM
MD
LG