Accessibility links

Тәжік-қырғыз шекарасында атыс болды


Баткен обылысындағы қырғыз-тәжік шекара бекеті. 11 қаңтар 2014 жыл.

Баткен обылысындағы қырғыз-тәжік шекара бекеті. 11 қаңтар 2014 жыл.

Сенбі күнгі атыстан соң бес қырғыз шекарашысы мен бір полицей және үш тәжік шекарашысы жараланып, госпитальға түскен.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметі Баткен облысындағы қақтығысты тексеріп жатыр.

Сенбі күні болған қақтығыстың себептері бірден түсінікті болмаған. Бірақ бұл аймақта шекара дауынан шыққан қақтығыстар бұрыннан болып келе жатыр.

Тәжікстанның ASIA-Plus ақпарат агенттігі "сенбі күні түске дейін қырғыздар шекарашылардың көмегімен территориясы даулы Исфара ауданындағы көлік жолы құрылысын жалғастырмақ болғанын" хабарлады.

Құрылыс жұмыстарын Тәжікстан шекарашылары тоқтатуға тырысқан. Тәжік куәлердің айтуынша, "қырғыздар оларға оқ атқан".

"Интерфакс" агенттігінің хабарына қарағанда, қырғыз тарапы "Қақтығысты тәжіктер бастады, Тәжікстанның шекара әскерінің арнайы жасағының штаб бастығы бірінші болып оқ атты" дейді.

2013 жылы қыркүйек айында Баткенде тәжік отбасының бес адамы қақтығыс кезінде қаза тапқан еді. Одан кейін осы тектес кикілжіңдер болып, қырғыз азаматтары опат болды.

Қырғызстанның Баткен облысы Тәжікстан және Өзбекстанмен шектеседі. Мұндағы шекара дауы Совет Одағы тараған 1991 жылдан бері шешілмей келеді. Сарапшылар "қақтығыстар себебі - шекара дауы" деп санайды.
XS
SM
MD
LG