Accessibility links

"Сирия достары" кездесуі Парижде өтеді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри және Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри және Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

12 қаңтар күні Парижде "Сирия достары" аталып кеткен мемлекеттер өкілдері кездеседі.

Кездесу мақсаты - Сирия ұлттық кеңесіне енген барлық оппозициялық күштер өкілдерін елдегі қақтығысты бейбіт түрде реттеу туралы конференцияға қатысуға үгіттеу. Конференция осы айдың аяғында Швейцарияда өтеді.

Бұл конференция «Женева-2» деп аталып жүр. Сирия ұлттық кеңесіндегі оппозиция өкілдері бұл конференцияға болашақта құрылатын уақытша үкімет құрамына Сирияның қазіргі президенті Башар Асад енбейтініне кепілдік берілген соң ғана қатысамыз деген еді.

"Сирия достары" аталып кеткен мемлекеттердің ішінде АҚШ та бар. Бүгін Парижге АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри және Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров барады. Олар Швейцарияда өтетін конференцияны ұйымдастыру мәселелерін талқылайды.
XS
SM
MD
LG