Accessibility links

АҚШ: ауызсуға химикат араласып, ішуге тыйым салынды


Өзен. (Көрнекі сурет)

Өзен. (Көрнекі сурет)

АҚШ-тың Батыс Виргиния штатында ауызсуға химикат араласып кетті. Чарлстон қаласы мен жақын маңдағы елді мекен тұрғындарына суды краннан ішуге бірнеше күнге тыйым салынды.

Ауызсуға химикат бейсенбі күні араласып кеткен. Су алынатын Элк өзеніне сол маңдағы өндіріс орнының бірі 19 мың литр химикат төккен. Штат губернаторы Эрл Рэй Томблин бірнеше округте төтенше жағдай жариялады.

Суды ластаған компания тау-кен және цемент өндірісі саласында жұмыс істейді.
XS
SM
MD
LG