Accessibility links

Киевте "Халық жиыны" өтіп жатыр


Украинаның Еуропа одағымен интеграциясын талап еткен демонстрация. Киев, Тәуелсіздік алаңы, 12 қаңтар 2014 жыл.

Украинаның Еуропа одағымен интеграциясын талап еткен демонстрация. Киев, Тәуелсіздік алаңы, 12 қаңтар 2014 жыл.

Қаңтардың 12-і күні Киевтің Тәуелсіздік алаңында биылғы жылдың алғашқы "халықтық жиын" басталды. УНИАН агенттігінің хабарлауынша, алаңға 10 мыңға тарта адам жиналған.

Бүгін "Автомайдан" деп аталатын наразылық шарасын қолдаушылар Украина президенті Виктор Януковичтің резиденциясы алдында "Януковичтің күн тәртібі" деп аталатын кезекті акция өткізбекші.

Харьков қаласында 12 қаңтарда билікті қолдайтын "Аймақтар партиясының" ондаған жақтасы сол күні ашылған Бүкілукраиндық Еуромайданның екі күндік форумы өтіп жатқан ғимарат алдында пикет өткізген. Жиналғандар "Еуромайданға жол жоқ!" деп ұрандатып, Харьковте Киевтегідей "Еуромайдан" акциясын болдырмайтындарын мәлімдеген.

Украина астанасы Киев пен басқа да қалаларда Еуропа одағымен интеграцияны жақтаушылардың митингілері былтыр қараша айында үкімет Еуропа одағымен ассоциация келісіміне қол қоюдан бас тартқан соң басталған еді.
XS
SM
MD
LG