Accessibility links

Джон Керри мен Сергей Лавров кездеспек


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Брюссель, 4 желтоқсан 2013 жыл.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Брюссель, 4 желтоқсан 2013 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Срегей Лавров бүгін Парижде Сириядағы қақтығыстарды тоқтатуда Иранның рөлін анықтауға қатысты кездеспек.

Осының қарсаңында Керри Парижде келесі аптада Сирияға қатысты өтетін бейбіт жиын келіссөздерге қатыспаймыз деп доқ көрсеткен оппозициялық күштер үшін "сынақ" болатынын айтты.

Жікке бөлінген Сирия оппозициялық күштерінің ұлттық коалициясы президент Башар Асдатың биліктен кетуін көздейтін ондаған оппозициялық топтардың басын қоса алмай отыр деген сынға ұшыраған соң, 22 қаңтарда Женевада өтетін бейбіт келіссөздерге қатысу жайын ойланып қалған. Коалиция басшысы Ахмад әл-Жарбаны өз тобын келіссөздерге қатысуға көндірмек болған 11 ел өкілдерінің арасында Джон Керри де бар.

Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф кеше Тегеран 22 қаңтардағы келіссөздерге қатысуға шақырту күтпейтінін мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG