Accessibility links

Министрлік қызметкерлердің пікір айтуын шектеді


Астанадағы Қазақстан үкіметі үйі. (Көрнекі сурет)

Астанадағы Қазақстан үкіметі үйі. (Көрнекі сурет)

Қазақстан мәдениет және ақпарат министрлігі өз қызметкерлеріне мемлекеттік лауазымды тұлғалардың атына қатысты "этикаға сай емес" пікір айтуына шектеу қойды. Бұл туралы министрліктің мемлекеттік қызметкердің қызмет этикасы туралы ережесі бүгін ресми ақпарат құралдарында жарияланды.

"Министрліктегі мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік саясат пен қызметтік іс-әрекеті туралы мемлекеттің негізгі саясатына қайшы келетін жеке пікірін көпшілік алдында білдірмеуі керек" делінген ережеде.

Бұған қоса министрлік қызметкерлеріне қызметтік құпияны ашатын, мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік басқару органдары және басқа да мемлекеттік қызметкерлеріне қатысты этикаға сай келмеген жағдайда да жеке пікірін көпшілік алдында білдіруге тыйым салады.
XS
SM
MD
LG