Accessibility links

Астанада наразылық танытқан белсендіні полиция ұстады


"Антигептил" ұйымының мүшесі Мақсат Ілиясұлы "Қазғарыш" мекемесінің алдында наразылық білдіріп тұр. Астана, 13 қаңтар 2014 жыл.
"Антигептил" ұйымының мүшесі Мақсат Ілиясұлы "Қазғарыш" мекемесінің алдында наразылық білдіріп тұр. Астана, 13 қаңтар 2014 жыл.
Бүгін Астанада "Қазғарыш" мекемесінің алдында наразылық акциясын өткізген азаматтық белсенді, "Антигептил" қозғалысының өкілі Мақсат Ілиясұлын полиция ұстап әкетті.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Ілиясұлы бүгін түске дейін "Қазғарыш" мекемесінің алдында Байқоңырдан "Протон" зымыран тасығышының ұшырылуына, зымырандарда гептил отынының пайдаланылуына наразылық білдірген. Белсенді қолына "Қазғарыш" ұлттық агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаевтың гептилдің зиян екендігі туралы бір сұхбатта айтқан сөзі жазылған плакат ұстап шыққан.

Акция басталғанда Мақсат Ілиясұлына прокуратура өкілі ескерту жасаған. Бірақ ол наразылығын тоқтатпаған соң, полиция белсендіні ұстап, Есіл аудандық ішкі істер басқармасына алып кеткен.
XS
SM
MD
LG