Accessibility links

Назарбаева Шудағы көкнәрді өңдеуді ұсынды


Көкнәр алқабы. (Көрнекі сурет)
Көкнәр алқабы. (Көрнекі сурет)
Бүгін Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева Шу алқабын онда жабайы түрде өсетін көкнәрді өңдеумен айналысатын ірі фармацевтикалық компанияға беру туралы ұсыныс жасады.

Парламент үкімет сағатында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың хабарламасын тыңдаған еді. Депутат Назарбаеваның айтуынша, есірткілік марихуана алынатын көкнәрді медициналық мақсатта пайдаланатын кез келді.

"Шу алқабын зауыт салып, көкнәрді өңдейтін ірі фармацевтикалық компанияға берсек қалай болады? Бұлай болған жағдайда заңдарды өзгертуге тура келмек" деді Назарбаева.

Ол бұған қоса көптеген елдерде көкнәр арнайы өсіріліп, СПИД және Альцгеймер ауруын емдеуге қолданылатынын да айтқан.
XS
SM
MD
LG