Accessibility links

Ресей Азаттық радиосы кеңесшісіне виза бермеді


Азат Еуропа/Азаттық радиосының кеңесшісі Дэвид Саттер.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының кеңесшісі Дэвид Саттер.

Ресей Азат Еуропа/Азаттық радиосының кеңесші Дэвид Саттерге визе беруден бас тартты.

Бұл туралы Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Кевин Клоуз мәлімдеді.

Клоуз 13 қаңтарда жасаған мәлімдемесінде АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі Саттерге виза берілмейтіні туралы естіп-біліп, Ресей сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық наразылық жолдаған. Радио басшысының айтуына қарағанда, АҚШ елшілігінің Ресей сыртқы істер министрлігінен түсінік алу әрекеті нәтиже бермеген.

АҚШ журналисі Дэвид Саттер Ресейде 2013 жылдың қыркүйегінен бері Азат Еуропа/Азаттық радиосының кеңесшісі болып жұмыс істеп келеді. Ол радионың Орыс қызметіне және басқа да ақпараттық сайттарға сұхбат пен талдау мақалаларын жариялап жүрген.

Саттер өткен жылдың желтоқсан айында Ресей визасын алатыны және Ресей сыртқы істер министрлігінің туралы хабардар етілген. Бірақ кейін Ресейдің Киевтегі елшілігі Ресей оның елде болғанын қаламайтынын және виза беруден бас тартатынын білдірген.
XS
SM
MD
LG