Accessibility links

Қытай соты өзі жұмыс істейтін ауруханадан сәбилерді ұрлап, оларды адам саудасымен айналысатындарға өткізіп отырғанын мойындаған дәрігерді кейін орындалатын өлім жазасына кесті.

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясының соты шығарған үкім бойынша, дәрігер Чжан Шуся ата-аналарға балаларының туабітті дертке ұшырағанын айтып, балаларынан бас тартуға көндіріп келген. Ал балаларды Хайнань провинциясындағы адам саудасымен айналысатындарға сатқан.

Қытайда кейін орындалатын өлім жазасына кесілгендердің көбінің үкімі екі жылдан соң өмір бойы түрмеде отыру жазасына алмастырылады.

Бір отбасына бір бала ғана өсіруге рұқсат ететін Қытайда негізінен дені сау ұл балаға басымдық беріледі.

Бірақ осы айдың басында Қытай үкіметі "бір отбасына - бір бала" саясатын жұмсартты. Енді бұл елде ерлі-зайыптылардың бірі отбасында жалғыз болса, оларға екі бала өсіруге рұқсат етіледі.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG