Accessibility links

Қазақстан 18,9 миллион тонна астық жинады


Егіс алқабы. Көрнекі сурет.

Егіс алқабы. Көрнекі сурет.

Қазақстан 2013 жылы 18,9 миллион тонна астық жинады, оның 14,5 миллион тоннасы - бидай деп хабарлады статистика агенттігі ресми сайты 14 қаңтарда.

Бұдан бұрын, былтыр қарашада Астанада үкімет отырысында ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков елдің 2013 жылы 20,8 миллион тонна астық жинағанын, әлі орылатын 114,6 мың гектар егіс алқабы бар екенін айтқан.

Қазақстан 2012 жылы 12,8 миллион тонна, ал 2011 жылы рекордтық көрсеткіш - 27 миллион тонна астық жинаған еді.
XS
SM
MD
LG