Accessibility links

Қырғызстан шекарадағы жол құрылысын тоқтатпайды


Ак-Сай - Кокташ жолының құрылысы. Қырғызстан, Баткен облысы, 12 қаңтар 2014 жыл.

Ак-Сай - Кокташ жолының құрылысы. Қырғызстан, Баткен облысы, 12 қаңтар 2014 жыл.

Қырғызстан Тәжікстанның қарсылығына қарамастан Баткен облысындағы Ворух тәжік анклавынан өтетін жол құрылысын жалғастыра береді. Бұл туралы бүгін Баткен қаласында өткен шекара мәселесіне қатысты келіссөздерде Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі мәлімдеді.

Шекара қызметінің хабарлауынша, Тәжікстан Қырғызстаннан шекара сызығы белгіленгенше жол құрылысын тоқтата тұруды талап еткен. Бірақ Қырғызстан оны қабыл алмаған.

Қырғыз жұмысшыларының шекараның даулы аймағында жол сала бастауы 11 қаңтарда екі ел шекарашыларының арасында атыс тудырған. Атыстан бес қырғыз шекарашысы мен бір полицей және үш тәжік шекарашысы жараланып, госпитальға түскен. Бұл - екі ел арасындағы соңғы екі айда болған екінші қақтығыс.

Даудың себебіне айналған бұл жолдың құрылысы былтыр көктемде басталған. Тәжікстан үкіметі жолдың бір бөлігі өз территориясынан өтеді десе, Қырғызстан жол өтетін жерді өз аумағына жатқызады.

Қырғызстанның Баткен облысы Тәжікстан және Өзбекстанмен шектеседі. Мұндағы шекара дауы Совет Одағы тараған 1991 жылдан бері шешілмей келеді. Сарапшылар "қақтығыстар себебі - шекара дауы" деп санайды.
XS
SM
MD
LG