Accessibility links

Иракта "әл-Қаидамен" қақтығыс жалғасып жатыр


Ирак картасы.
Ирак картасы.
Иракта "әл-Қаида" тобының "Ирак және Левант ислам мемлекеті" деп аталатын жергілікті бөлімшесі 14 қаңтар күні елдің орталық Анбар провинциясындағы Рамади және Фаллуджа қалаларындағы қақтығыстарда екі танкіні қиратып, бірнеше полиция бекетін басып алды.

Азаттық радиосы Ирак қызметінің хабарлауынша, "әл-Қаида" бөлімшесі мен жергілікті кейбір сүнниттік тайпалардан құралған көтерілісшілер Ирак қауіпсіздік қызметі мен өзге сүнниттік тайпалардың өкілдерімен қақтығыста Рамадидегі әл-Туббат полиция бекетін қайта басып алып, қаланың оңтүстік бөлігін бақылауына алған. Қақтығыстардан 800-ден астам отбасы мектептерге тығылып, бас сауғалауға мәжбүр болған.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, көтерілісшілер Фаллауджаның солтүстігіндегі көпірді жарған кезінде Ирак қауіпсіздік күштерінің екі танкісі қираған.

Ирак әскерилері Анбар провинциясының батысында "Ирак және Левант ислам мемлекеті" тобының сегіз жауынгерінің көзін жойғанын хабарлады.

Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф Бағдадта Тегеранның Ирактың "терроризмге қарсы соғысын" қолдайтынын білдірді.
XS
SM
MD
LG