Accessibility links

АҚШ Ресейдің журналиске қатысты шешімін сынады


Америкалық журналист Дэвид Саттер.

Америкалық журналист Дэвид Саттер.

АҚШ мемлекеттік департаменті Ресей билігінің америкалық журналист, Азат Еуропа/ Азаттық радиосының кеңесшісі Дэвид Саттерге виза бермей қойғанына алаңдаушылық білдірді.

Мемлекеттік департамент өкілі Мари Харф 14 қаңтарда "ақпарат еркіндігіне кедергі келтіру - еркін пікір алмасу мен дебаттың жолын кеседі" деді.

АҚШ конгрессмені, өкілдер палатасының сыртқы істер комитетінің мүшесі Элиот Энгель виза беруден бас тартуды "Ресейдегі баспасөз еркіндігі мен тәуелсіз журналистикаға жасалған кезекті кедергі" деп атады.

Ресей сыртқы істер министрілігі 14 қаңтарда таратқан мәлімдемесінде Саттерді елде мерзімі өтіп кеткен визамен тұрып, Ресей заңдарын "өрескел түрде бұзды" деген. Саттерге енді бес жыл бойына Ресейге кіруіне тыйым салынды.
XS
SM
MD
LG