Accessibility links

Қазақстан ГЛОНАСС-ты әскери мақсатта пайдаланбақ


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстан Ресейдің ГЛОНАСС навигациялық спутниктік жүйесін әскери мақсатта пайдалануды жоспарлап отыр деп мәлімдеді Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаров.

Бұл туралы ол сенатта "Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымы елдерінің территорияларында әскери инфрақұрылым нысандарын орналастыру туралы хаттаманы ратификациялау" туралы заң жобасын талқылау кезінде айтты.

Сапаровтың сөзіне қарағанда, биыл Ресеймен ГЛОНАСС жүйесінің сигналдарын ҰҚШҰ аясында әскери мақсаттарда пайдалану туралы келісім жасалмақ.

- Біз олардың сигналдарын пайдаланатын боламыз. Әзірге алдын-ала келісімдер жасалып, қол қойылады. Сосын жүйені қолдану, аппарат сатып алу, сигналдарды тарату тәртібі түзіледі. Біз ГЛОНАСС-ты қазірдің өзінде азаматтық мақсатта пайдаланып отырмыз, - деді Сапаров.

ГЛОНАСС - СССР қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған Ресейдің навигациялық жүйесі.
XS
SM
MD
LG