Accessibility links

Тимошенко журналистермен кездестіруді сұрады


Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко.
Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко.
Украинаның түрмеде жатқан экс-премьері Юлия Тимошенко Качановский колониясының әкімшілігіне өзін журналистермен кездестіруді сұрауды. Бұл туралы "Интерфакс-Украина" агенттігі хабарлады.

Тимошенконың жеке сайтында мәлімдемесінде оның колония басшылығынан ақпарат құралдары өкілдерімен кездестіруді тағы да сұрайтыны айтылады. Тимошенко адвокаты арқылы өзінен сұхбат беруді өтінген 12 ақпарат құралын атаған.

Юлия Тимошенко 2011 жылы қазанда «2009 жылы Ресеймен газ келісімін жасағанда билігін асыра пайдаланды» деген айыппен жеті жарым жылға сотталған.

Түрмеде отырған кезде Тимошенконың үстінен екінші қылмыстық іс қозғалды: тергеу орындары оған 1990-шы жылдардың екінші жартысында "Украинаның бірыңғай энергетикалық жүйелері" корпорациясын басқарған кезде қаржылай алаяқтық жасаған деген айып тақты.
XS
SM
MD
LG