Accessibility links

NCOC Қашағандағы тексеру жұмыстары туралы айтты


Қашағандағы жасанды арал. 21 тамыз 2013 жыл.
Қашағандағы жасанды арал. 21 тамыз 2013 жыл.
Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты аумағындағы Қашаған мұнай кен орнында мұнай өндіру қаңтар айының соңы немесе ақпан айының басында қайта басталуы мүмкін. Бұл туралы North Caspian Operating Co компаниясына сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі хабарлады.

"Мұнай өндірудің қашан қайта басталатыны қажетті жөндеу жұмыстарының ауқымына байланысты. Жөндеу жұмыстарының ауқымы құбырлардағы жарықшақтар мен ақауларға сараптама жасалған соң анықталады" деген North Caspian Operating Co компаниясы. Сараптама қорытындысы қаңтар айының соңы я ақпан айының басында шығып қалуы мүмкін.

Қазір 90 километр болатын газ құбырын тексеру аяқталып, мәліметтер өңдеуге жіберілген.

2013 жылы қыркүйектен мұнай өндіріле бастаған Қашағанда екі рет төтенше оқиға болған еді. Теңіздегі жасанды аралдан "Болашақ" зауытына баратын құбырдан осыған дейін екі рет - былтыр қыркүйек пен қазанда газдың сыртқа шығып жатқаны анықталып, мұнай өндіру тоқтатылған. Қазір Қашағанда мұнай өндіру доғарылып, кеніште тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
XS
SM
MD
LG