Accessibility links

АҚШ-тағы ұйым Сноуденге қызмет ұсынды


АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден.

АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден.

Америкалық үкіметтік емес Freedom of the Press Foundation (Баспасөз еркіндігі қоры) ұйымы АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденге ұйымның директорлар кеңесіне кіруді ұсынды.

Ұйым жетекшілерінің бірі Дэниэл Элсберг Сноуденді "батыр" тұтатынын айтып, оны директорлар кеңесінің құрамына шақыруды "құрмет" деп санайтынын мәлімдеді.

Эдвард Сноуден қазір Ресейде уақытша тұрып жатыр. АҚШ-та оған ұлттық қауіпсіздік агенттігінің азаматтарға тыңшылық жасайтын құпия бағдарламасын әшкерелегені үшін "мемлекеттік құпияларды жариялады" деп айып тағылған.
XS
SM
MD
LG