Accessibility links

Египетте конституциялық референдум аяқталды


Египеттік әйелдер референдумда дауыс беріп жатыр. 14 қаңтар 2014 жыл.

Египеттік әйелдер референдумда дауыс беріп жатыр. 14 қаңтар 2014 жыл.

Египетте 15 қаңтарда елдің жаңа конституциясы жобасына қатысты екі күнге созылған референдум аяқталды.

Дауыс берудің екінші күні алғашқы күнмен салыстырғанда әлдеқайда тыныш өтті. 14 қаңтарда қақтығыстардан 11 адам қаза тапқан еді. Полиция былтыр жазда әскерилер биліктен тайдырған исламшыл президент Мұхаммед Мурсидің жақтастары ұйымдастырған наразылық акцияларына қатысқан ондаған адамды ұстады.

Мурсидің тұсында қабылданған бұған дейінгі конституцияға көп азаматтар "исламшылдардың мүддесіне сай жасалған" деп сын айтатын.

Конституцияның жаңа жобасын қолдаушылар бұл құжат елде азаматтық еркіндікті, түрлі діни топтар мен әйелдердің құқықтарын қорғайды деп санайды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, егер жаңа конституция қабылданса, Мұхаммед Мурсиді биліктен кетірген Египет армиясының генералы Абдель Фаттах ас-Сисидің президент сайлауына қатысуына жол ашылады.

Дауыс берудің алғашқы ресми қорытындысы таяу уақытта шыға бастайды.
XS
SM
MD
LG